1913 жылы 2 ақпанда Орынборда «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы жылдары апта сайын, ал 1915 жылдан аптасына екі рет шығып тұрған басылым бес жылдың ішінде қазақ тілінде кәсіби газет стилін қалыптастырды.
«Қазақ» газетіне - 100 жыл
21
Құдайберген Жұбанов, қазақ тіл білімнің негізін қалағандардың бірі, филолог-ғалым. «Қазақ» газеті авторларының бірі. Атылар алдындағы түрмедегі бейнесі, 1938 жыл.
22
"Қазақ" газетінің тілшілері: Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова, Гүлайым Балғынбаева. Орынбор, 1914 жыл.
23
Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің (Халық Кеңесінің) мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Үшінші қатарда отырғандар: солдан оңға қарай бірінші - Ахмет Байтұрсынұлы, бір кісіден кейін басына ақ кепкі киген - Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан. 1918 жыл.
24
20-ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тобы. Бірінші қатарда ортада қолтықтасып отырғандар: ақ жейде киген - Әлихан Бөкейханұлы (оң жақта), сақалды адам - Абайдың ұлы Тұрағұл. Өзгелері белгісіз.